Трамп Назарбаевқа «билікті бейбіт жолмен тапсырғаны үшін алғыс айтты»

0

13 мамырда Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозерді қабылдады. Мозер Назарбаевқа АҚШ президенті Дональд Трамптың хатын тапсырды. Трамп Назарбаевқа «билікті бейбіт жолмен тапсырғаны үшін алғыс айтқан».

Трамп хатының көшірмесін Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Twitter желісіне жариялады.

АҚШ президенті Дональд Трамп былтыр тамызда Уильям Мозерді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне тағайындаған. 27 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мозерге сенім грамотасын тапсырған.

Назарбаев Мозерді елші қызметіне кірісуімен құттықтады.

Azattyq