Трамп: Күрдтерге соққы жасаса, Түркияны аштан қатырамыз — Жаһан
АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісінде Түркияға қатысты ескерту жасады. Ол Анкара сириялық күрдтерге шабуыл жасаса, «экономикадан жұрдай» болатынын жазды, — деп хабарлайды «Взгляд».
«Сириядан әскер шығаруды бастаймыз, бұл қордаланып қалған мәселе, бірақ ДАИШ халифатына әр тұстан жойқын соққы жасаймыз. Қайта жанданып жатқан маңындағы базаларға қайта шабуыл жасаймыз. Күрдтерге соққы жасаса Түркияны экономикасынан жұрдай қыламыз», — деп жазды Ақ үй басшысы.
Сирияда америкалық саясаттың басты «бенефициарлары» деп президент Ресейді, Иранды және Сирияны атап отыр, АҚШ, оның айтуынша, ДАИШ-пен күрестен пайда тапса да, «бітпейтін соғысты» аяқтап, әскерді отанға қайтарудың уақыты келіпті.
Ал мұның алдында Режеп Тайип Ердоған АҚШ елден әскерін шығармаса Анкараның Евфраттың шығысында, сириялық Манбиджеде сириялық күрдтердің қорғанысына қарсы операция бастауға дайын екенін мәлімдеген. Кейін ол Трамппен 14 желтоқсанда телефон арқылы сөйлескеннен кейін операция уақытын кейінге қалдырғанын мәлімдеген.
Starting the long overdue pullout from Syria while hitting the little remaining ISIS territorial caliphate hard, and from many directions. Will attack again from existing nearby base if it reforms. Will devastate Turkey economically if they hit Kurds. Create 20 mile safe zone….
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) 13 января 2019 г.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz