Трамп коронавирусқа қарсы вакцинаның пайда болу уақытын атады — Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ президенті Дональд Трамп елде коронавирусқа қарсы вакцинаның пайда болу уақыты туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

трамп

«Менің ойымша, бізде осы жылдың соңына дейін вакцина болады», — деді Трамп Fox News арнасының эфирінде.

Ол әкімшілік тұрғыдан алғанда, ел билігі мен жекелеген ведомстволар қажетті ережелер мен рұқсаттарды, соның ішінде белгілі бір дәрілерді қолдануға рұқсатты бекіту үшін «мүмкіндігінше тез жұмыс істейді» деп атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың аллергиялық және жұқпалы аурулардың ұлттық институтының басшысы Энтони Фаучи ел билігі коронавирусқа қарсы вакцинаны 2021 жылдың қаңтарына дейін әзірлейді деп айтқан болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-та 1,15 миллионнан астам коронавирус ауруы тіркеліп, 67,4 мың адам қайтыс болды.

stan.kz