Трамп: коронавирус пандемиясы үшін Қытай қымбат төлейді

0
1

АҚШ президенті Дональд Трамп видео-үндеуінде Қытай коронавирустың таралғаны үшін «қымбат» төлейтінін айтты. Жазба Твиттерге орналастырылды.

Трамп американдықтарға коронавирустық дәрі-дәрмектерді ауруханаларда тегін беретіндігін, сондықтан олар президентпен бірдей ем алатынын айтты. Еске салайық, Трамп жақында коронавирусты жұқтырды.

«Бұған сіздің емес, Қытайдың кінәсі болды. Қытай бұл елге істегендері үшін өте қымбат төлейді. Қытай олардың әлемге жасаған істері үшін өте қымбат төлейді. Мұны есіңізде сақтаңыз», – деді Трамп.

Ол сондай-ақ американдық вакцина сайлаудан кейін пайда болуы мүмкін екенін айтты. Дональд Трамп мұны саяси келіспеушіліктермен байланыстырды.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-дағы президент сайлауы 3 қарашада өтеді.

Керімсал Жұбатқанов

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз