Трамп Кеңестер одағының не себепті құлағанын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Кеңестер одағының не себепті құлағанын айтты.
Қаңтар айының 2-і күні Ақ үйде өткен отырыста сөз сөйлеген Дональд Трамп: «Бұрын Ресей Кеңестер одағы болған. Ауғанстан оларды Ресей жасады. Кеңестер Одағы Ауғанстанда соғыс жүргізгеннің салдарынан банкрот болды» — деп мәлімдеді.
Бұдан бөлек Трамп Ауғанстанға АҚШ бюджетінен миллиардтаған доллар қаржы кетіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, Ауғанстандағы террорлық ұйымдарға қарсы Ресей, Үндістан және Пәкістан да араласуы тиіс.
Бұан дейін БАҚ беттерінде: «Трамп Ауғанстандағы АҚШ әскерінің жартысынан көбін шығармақ» деген ақпарат тараған.
АҚШ әскері Ауғанстан аумағында 17 жыл бойы соғысып келеді. Осы уақыт аралығында Пентагон әскери операцияларды жүзеге асыруға 126 миллиард доллар қаржы жұмсаған.