Трамп Иранға жаңа санкция салатынын айтты
Иран ядролық амбициясынан бас тартып, террористерді қолдауын тоқтатуы тиіс. АҚШ президенті осындай мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Иран америкалық әскери базаға зымыран ұшырғаннан кейін мәлімдеме жасады. Оның сөзін тікелей эфирде FoxNews телеарнасы көрсетті.
Трамп АҚШ Иранға қатысты жаңа санкциялар салатынын айтты.
«АҚШ шұыл түрде Иранға қатысты қосымша санкциялар салады. Иран өз ұстанымын өзгерткенге дейін бұл санкциялар күшін жоймайды», — деді ол.
Сондай-ақ, АҚШ көшбасшысы НАТО-ның Таяу Шығыс елдерінің мәселесіне әлдеқайда белсенді қатысуы керек екенін атап өтті.
«Мен бүгін НАТО-ның таяу шығыс процесіне белсенді қатысуын сұраймын, — деді Трамп америкалықтарға. — Мен президент болып тұрғанда Иранның ядролық қаруға ие болуына мүмкіндік берілмейді. Иран одан бас тартып, террористерді қолдауын тоқтатуы керек», — деді АҚШ президенті.
sputniknews.kz