Трамп ХАМАС-тан Газадағы израильдік тұтқындардың барлығын босатуын талап етті

0

АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-тан Газа секторында тұтқынға алынған барлық израильдіктерді дереу босатуды талап етіп, топ басшылығын анклавты тастап кетуге шақырды, деп хабарлайды BBC.

— Тұтқындардың барлығын кейінірек емес, қазір босатып, өлтірген адамдардың денелерін дереу қайтарыңдар, әйтпесе жаман болады […] Сіз менің айтқанымды орындамайынша, ХАМАС-тың бірде бір мүшесі қауіпсіздікте болмайды, — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.

— Бұл сіздерге соңғы ескерту! Басшылыққа (ХАМАС-қа) келетін болсақ, қазір мүмкіндігіңіз бар кезде Газаны тастап кету уақыты келді. Мен сондай-ақ Газа халқына үндеу айтамын: адамдарды кепілде ұстамасаңыз, сізді тамаша болашақ күтіп тұр, — деп қосты ол.
Ақ үй бұған дейін АҚШ-тың ХАМАС-пен кепілге алынғандар бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын растады, дегенмен Вашингтон осы уақытқа дейін олармен тікелей байланыста болған жоқ. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт келіссөздер басталмас бұрын Израильмен консультациялар жүргізілгенін хабарлады.

Айта кетелік Трамп Конгресте инфляциямен күрес жоспарын жариялаған еді.