Трамп халыққа тұңғыш мәлімдемесінде не деді?
АҚШ президенті Дональд Трамп 8 қаңтарда халыққа арнаған мәлімдемесінде тұрғындарды Мексикамен арада дуал тұрғызу қажеттігіне сендіруге тырысты. Дуалды қаржыландыруға қатысты республикашылдар мен демократтар арасында жалғасып келе жатқан дау қазіргі кезде үкіметтің жұмысын жартылай тоқтатқан. Президент мәлімдемесінде заңсыз иммиграция кесірінен АҚШ тұрғындарының зардап шегіп отырғанын айтып, Мексика шекарасы арқылы күн сайын заңсыз есірткілер елге ағылатынын жеткізді. Соның салдарынан елге заңсыз енген қылмыскерлер саны да артқан. Трамп демократ жетекшілерін елдің оңтүстігінде дуал тұрғызу мәселесін талқылау үшін Ақ үйге шақырғанын да айтты. Ал президентке жолдаған жауабында демократтар өкілі Нэнси Пелоси және Чак Шумен Трампты үкіметтің жұмысын жартылай тоқтату арқылы қарапайым тұрғындарды құрал ретінде қолданып отыр деп айыптады. Олар президентті үкімет жұмысын жандандыруға мүмкіндік беретін заң жобасын қолдап, елдің оңтүстігінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында нақты шаралар қолдануға шақырды.
Дереккөз: Азаттық