Трамп Гүлнара Кәрімоваға салынған санкциялар мерзімін ұзартты

0
68

АҚШ президенті Дональд Трамп Өзбекстан «экс-ханшайымы» Гүлнара Кәрімоваға салынған санкциялар мерзімін ұзартты.

Ақ үй баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, президент Дональд Трамп Өзбекстан экс-президентінің үлкен қызы Гүлнара Кәрімова мен Ресей Бас прокурорының ұлы Артем Чайкаға салынған санкциялар мерзімін тағы бір жылға созуға байланысты жарлыққа қол қойған.

Жарлықта: «Адам құқығы мен жемқорлық мәселелеріне байланысты заң бұзушылықтардың жиілеуіне байланысты №13818 жарлығының мерзімін тағы бір жылға созуға шешім шығарылды» – делінген.

2017 жылдың 21 желтоқсанында АҚШ президенті Дональд Трамп Гүлнара Кәрімова, Артем Чайка және Украина арнайы жасағының экс-басшысы Сергей Кусюкқа қарсы санкция салып, ел аумағына кіруге визалық шектеу қойған.

«The Qazaq Times»