Трамп Брекзитке қатысты британдықтарға кеңес берді

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияға мемлекеттік сапары алдында британ билігіне Брекзит мәселесінде Еуропалық Одақпен арадағы келіссөз жүргізу тәсіліне қатысты бірқатар кеңес берді.

Трамптың Sunday Times басылымына берген сұқбатында, британ билігі Еуропа Одағының бұған дейінгі шарттарға көнуін талап етуі керек, я болмаса биыл қазан айында Еуроодақтан еш келісімсіз шығып кету керек деген.

Терезы Мэй кабинеті бекіткен Брекзит туралы келісімге қарсы болған британ парламенті Трамп айтып отырған келісімге жетудің бұл түріне де қарсылық білдірген.

Трамптың пікірінше, егер Брюссель шарттарға көнбесе Лондон Еуропа одағынан шығудағы барлық шығынды өтемейтінін айтып, сес көрсеткені жөн. Шығын көлемі 50 миллиард доллар деп бағаланып отыр.

АҚШ президенті, британ билігінің келіссөздерге Брекзитті қолдаушы Найджел Фараджды араластырмауын «қателік» деп бағалайды. Трамп пен Фарадж бұған дейін де бір бірін қолдап мәлімдемелер жасаған, тіпті британдық саясаткер 2016 жылы Трамптың сайлау алды митингісінде сөз сөйлеген болатын.

Трамп, алдағы Мэйдың отставкісінен кейін Консервативтік партияға Борис Джонсон жақсы жетекшісі болада деп біледі.

Дональд Трамп Ұлыбританияға 3 маусымда сапарлайды. Бұл сапарға британдық бірқатар саясаткерлер қарсы болып, АҚШ президентін шақырмау туралы айтқан еді.

Сапар аясында АҚШ президенті патшайыммен кездесіп, бірқатар шараға қатысады деп күтілуде.

Azattyq