Трамп босқындарды АҚШ-қа кіргізу шарттарын қатаңдатып жатыр

0

Дүйсенбі күні, 29 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тан пана сұрауға келіп жатқан мигранттар көшін бақылаудың жаңа шараларын қабылдау туралы қаулы шығарды.

Үш ай ішінде ішкі қауіпсіздік министрлігі қабылдауы тиіс шаралар қатарында пана беру мәселесін өтініш түскен 180 күн ішінде қарау, шағымды қарауды ақылы ету, жұмыс істеуге уақытша рұқсат беру мен шекарадан заңсыз өткендерге мұндай рұқсатты беруге тыйым салу бар.

Қаулыда «Бұл меморандумның мақсаты – пана беру аясындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етіп, процесс кезінде үлкен заңбұзушылықтарға жол бермеу» деп жазылған.

Заңға сәйкес, Америка шекарасына келген кез келген адам пана сұрай алады. Өтініш бірнеше жыл қаралуы мүмкін. Осылайша миллиондаған мигрантқа елге кіреді. Бірақ билік пана бермегендердің кейбірі АҚШ-та заңсыз қалып қояды. Трамптың заңсыз мигранттармен күрес шараларының көбін америкалық соттар заңсыз деп тапқан.

Биыл наурызда АҚШ-Мексика шекарасынан заңсыз өтпек болған 92 мың мигрант ұсталған. Былтыр тап осы уақытта ұсталғандар саны 38 мың еді.

Azattyq