Трамп: Байден билік құрған тұста АҚШ кедей елге айналды

0
312

Экс-президент Трамп Байден билік құрған тұста АҚШ кедей елге айналды деп мәлімдеді.

АҚШ президенті «Джо Байден елді кедей жағдайға жеткізді», — деген тұжырым жасады. Ол бұл ойын Флоридадағы студенттік конференцияда сөйлеген сөзінде жеткізген

«Біз қазір кедей елміз. Тізерлеп тұрып, өзге елдерден энергия ресурстарын сұрайтын жағдайға жетеміз», — деді.

Фото: ашық дерек көзінен, ақпарат: iz-ru.turbopages.org