Трамп американдық армияның фашизм мен коммунизмді жеңгенін жариялады
Әскери академия түлектерімен сөйлескен АҚШ президенті Дональд Трамп американдық армия фашизмге де, коммунизмге де қарсы күрескенін туралы мәлімдеді.
Америка басшысының айтуынша, генерал Дуайт Эйзенхауэр (1953 жылдан 1961 жылға дейін АҚШ-ның 34-ші президенті) және генерал Омар Брэдли сияқты академия түлектері Америка Құрама Штаттарды «қатерлі нацистер мен имперлық фашистерді жеңуге» жетелеген.
«Армия сонымен бірге коммунизмнің қысымынан қорғады», — деді Трамп Нью-Йорк штатындағы Вест-Пойнт әскери академиясының түлектеріне сөйлеген сөзінде. Мамыр айында Ақ үй АҚШ пен Ұлыбритания нацизмнің жеңімпаздары деп атады. Жеңіс күнінде құттықтауда 1945 жылы 8 мамырда Америка мен Ұлыбритания «нацистерді жеңді» делінген.
«Американың рухы әрқашан жеңіске жетеді. Сайып келгенде, осылай болады», — деді Ақ үйдің баспасөз қызметі. Басылымда Кеңес Одағы туралы ештеңе айтылған жоқ.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты