«Трагедияны өз көзіммен көрдім» Индонезияда табиғат апатынан 168 адам өлді

0
92
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Индонезияда Анак-Кракатау жанартауының атқылауы салдарынан цунами соқты

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Индонезиядағы Зонд бұғазының жағалауындағы елді мекендерге цунами соғып, салдарынан 168 адам көз жұмды.

750-дей тұрғын жарақат алды. 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Жүздеген үй мен ғимарат қираған. Қазіргі уақытта зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Әзірге Зонд бұғазы жағалауында цунамидің тууына не себеп болғаны нақты белгісіз. Бірақ мамандар Анак-Кракатау жанартауының атқылауынан теңіз астындағы көшкін жүрген деген пікірде, деп хабарлады Хабар 24. 

Айта кетейік, Зонд бұғазы – Ява мен Суматра аралын бөліп, Үнді мұхитын Ява теңізімен байланыстырып тұрған бұғаз.

«Цунами кенеттен келіп соқты. Адамдар жан-жаққа қашып, толқын олардың кейбіреуін алып кеткенін өз көзіммен көрдім», — дейді  жергілікті тұрғын.

Жергілікті билік өкілі үйінділер астынан адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

«Бірақ бізге қазір ауыр техника қажет. Ал ол болса әлі келген жоқ», — деп түсіндірді ол.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/