Трагедия жасаудың қажеті жоқ – Қарин елді дүрліктірген мәселеге пікір білдірді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ерлан Қарин нота мен демарштан неліктен қорқудың қажеті жоқ екенін түсіндірді, сонымен қатар қазақстандықтарды өз отанының мүдделерін қорғауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Украина сыртқы істер министрлігінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың неміс басылымына берген сұхбатынан кейін жасаған мәлімдемесіне қазақстандықтардың реакциясы туралы пікір білдірді.

Украина сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 5 желтоқсанда Қазақстан елшісі Самат Ордабаев Киевтегі дипломатиялық ведомствоға шақырылған.

Украина тарапы Deutsche Welle телерадиокомпаниясына сұхбат берген Тоқаевтың Қырымға қатысты пікіріне алаңдаушылық білдірді.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың сөзінен кейін Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісін шақырды

Әеуметтік желілерде бұл тақырыпта қызу пікірталас болды.

«Біз әлі де провинциялық ойлаудан зиян шегіп келеміз. Мұны біздің халықаралық және сыртқы саяси тақырыптардағы пікірталастарымыздан айқын көруге болады. Ұлттық мүдделерімізге, біздің сарапшылар аудиториясына пайдалы немесе керісінше, пайдалы емес деген мәселені көтерудің орнына, көбінесе басқалардың біз туралы не ойлайтынын, қалай қабылдайтынын маңызды санап, ренжи ме, ренжімей ме деп жатамыз», — деді Ерлан Қарин Telegram-да.

Қарин азаматтардың өзге елдің сыртқы істер министрлігі демарш дайындап, елшіні шақырғаны туралы хабарламаға реакциясын «дүрлігу» деп атады.

«Ноталар, демарштар – бұл дипломатиялық тәртіп, одан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Шынын айтсақ, бұл бізді толғандыруы тиіс, біз прагматик болуға тиіспіз, бірінші кезекте, өз мүдделерімізді көздеуіміз керек және басқалардың пікіріне еру, барлығын бірдей қуантуға тырысу орынсыз», — деп атап өтті Қарин.

Айта кету керек, Қазақстан ешқашан Қырымды Ресей Федерациясының құрамдас бөлігі ретінде мойындамаған және бұл мәселе бойынша ресми мәлімдемелер жасамаған.  

 



sputniknews.kz