Toyota Camry-дің кросс-версиясы шығады

0

Camry кросстың асты биіктеу болады, кроссоверлік дөңгелегі болады.

Кросс-седандарға деген мода Қазақстандағы ең сатылғыш автокөлікке де жеткен сияқты, деп хабарлайды Zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Редакцияның хабарлауынша, жақын арада Toyota Camry көлігінің жаңа версиясы шығады. Әзірге оның суреті пайда болған екен.

Модель атауында Trek деген тіркес пайда болады, осылайша «Тойотаның» өз кросс-седаны дүниеге келмек.

Алайда «Камри» Toyota-ның Trek санатындағы бірінші моделі емес, бұған дейін Женевадағы автосалонда жапондар жаман жолға бейімделген Corolla универсалын таныстырған болатын.

Сол Corolla сияқты, Camry кросстың асты биіктеу болады, кроссоверлік дөңгелегі болады. Кузовтың төмен жағында пластиктен жасалған қорғаныш қаптама болады.

Жаңа версияның нарықта дәл қай уақытта пайда болатыны әзірге белгісіз. Расталмаған ақпарат бойынша, Toyota Camry Trek көктемнің соңына қарай автосалондарда сатыла бастауы мүмкін.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz