Төтенше жағдайдың ұзартылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы сәуір айдағы барлық рейсті кейінге шегерді — Қазақстан жаңалықтары

0

Еліміздегі төтенше жағдайдығ ұзатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы сәуір айдағы барлық рейсті кейінге шегерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

самолет

Air Astana әуекомпаниясы Қазақстанда төтенше жағдайдың ұзаруына байланысты 15-30 сәуір аралығында жоспарланған барлық тұрақты рейстерді тоқтатуға мәжбүр.

Кейінге қалдырылған тұрақты рейстердің жолаушылары билеттерді айыппұлсыз қайтарып алуға немесе оларды басқа күнге қайта брондауға құқылы. Бұл туралы компания жұма күні хабарлады. 

Авиабилеттерді airastana.com ресми сайтында қайтаруға болады. 

Сондай-ақ авиакомпания жыл соңына дейін рейске бұрын сатып алынған барлық билеттерді бір рет тегін қайта брондауға рұқсат етілетінін хабарлайды.

stan.kz