Төтенше жағдайды бұзғаны үшін 16 мың қазақстандық қамауға алынды – Қазақстан жаңалықтары

0
14

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16000 адам ұсталған деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ: Жамбыл облысында полиция қызметкерін пышақтап, мүрдесін өртеп жіберген

«Қылмыстың алдын-алу жұмыстарына келетін болсақ, 16 наурыздан бастап төтенше жағдайды бұзғаны үшін 16 мыңнан астам азамат ұсталды. Олардың 12 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 мыңнан астам материал сот өндірісінде», – деді министр.

Сондай-ақ, ол ішкі істер министрлігі байланыс тұлғаларын табу бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті.

«Денсаулық сақтау органдарының өтініші бойынша полиция алты жарым мыңнан астам адамның тұратын жерін анықтады. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары тек 7 адамға жүргізілуде», – деп қорытындылады Абаев.

stan.kz