Төтенше жағдай: Қандай сауда орындары мен дүкендердің жұмысы тоқтайды? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысына қатысты Сауда және интеграция министрлігі түсініктеме берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

азық түлік

«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі республикада төтенше жағдай жарияланса да, азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмысын жалғастыра беретінін хабарлайды.

Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай енгізуі туралы Жарлығында айтылғандай, ірі сауда сауда нысандарының қызметі шектеледі. Халық көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Азық-түлік дүкендері де, басқа да шағын дүкендер, сауда-ойын-сауық орталықтарынан тыс орналасқан өзге де шағын және орта бизнес нысандары иесінің қалауына қарай жұмысын жалғастыра алады», — деп хабарлады министрліктен.

stan.kz