Төтенше жағдай: Қандай сауда орындары мен дүкендердің жұмысы тоқтайды? — Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысына қатысты Сауда және интеграция министрлігі түсініктеме берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі республикада төтенше жағдай жарияланса да, азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмысын жалғастыра беретінін хабарлайды.
Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай енгізуі туралы Жарлығында айтылғандай, ірі сауда сауда нысандарының қызметі шектеледі. Халық көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Азық-түлік дүкендері де, басқа да шағын дүкендер, сауда-ойын-сауық орталықтарынан тыс орналасқан өзге де шағын және орта бизнес нысандары иесінің қалауына қарай жұмысын жалғастыра алады», — деп хабарлады министрліктен.
stan.kz