Төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан аумағына кімдер кіре алады? – Қазақстан жаңалықтары

0
14

Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдайға байланысты ел азаматтары мен шетелдіктерге мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде қандай шектеулер енгізілетіні туралы түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

«Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне – шығуына шектеу енгізіледі», – делінген СІМ хабарламасында.

Бұл шектеулер төмендегі жағдайларға қатысты емес:

  • бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келген ҚР азаматтары;
  • денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын ҚР азаматтары;
  • осыған дейін ҚР аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;
  • еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ ҚР сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;
  • поездық және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері;
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет
  • персонал; шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар поезымен жолда келе жатқан шетелдіктер;
  • Қр аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар);
  • ҚР азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары).

Тараптардың азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін өтініш жасаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстанның шекара маңындағы аудандарында жергілікті тұрғындарды Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы қиылысу орындары арқылы өткізу тоқтатылады.

Бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойғаны туралы айтылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 9 адамнан коронавирус анықталды, оның 7-еуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда тіркелді.

Ал соңғы 24 сағат ішінде әлем бойынша 10 982 адам COVID-19 коронавирусын жұқтырды.

stan.kz