Тосынсый: Алматыда 275 отбасы күтпеген жерден қуанышқа кенелді

275 алматылық отбасы жаңа пәтерлерін мерзімінен 3 ай ерте алып, қоныстойға дайындалуда. Тұрғын үй кешенінің төртінші кезегінің тапсырылуымен, «Асыл Тау» жобасы осымен аяқталып отыр.

Бұл 2013 жылы басталған Алматыдағы BI Group холдингінің алғашқы тұрғын үй кешені. Осы жылдар ішінде 1 123 отбасы баспаналы болды, бұл 138 000 шаршы метр тұрғын үй. Үйді жоспарланған мерзімінде емес, жаңа пәтер иелерін қуанту үшін мерзімінен бұрын тапсыру – компанияның қазіргі мақсатына айналды!

Жоба жетекшісінің орынбасары Григорий Нешатаев Алматының жаңа тұрғын үй кварталы туралы айтып берді:
«Асыл Тау» Алматының Бостандық ауданында, Сәтпаев көшесінен жоғары, Егізбаев көшесінің бойында, 5.4 гектар үлкен аумақта орналасқан. Бұл тұтас бір тұрғын үй кварталы. 12-17 қабатты ауыспалы қабаттылық үй ауласының үнемі жарық болуына ықпал етеді. Үйдің кең әрі жасыл ауласы қаланың қарбалас өмірінен демалуыңызға мүмкіндік береді.

BI Development Almaty директоры Айдос Мукатаев сәулет тұжырымдамасы туралы айтты:
— Біз өз ерекшеліктері бар тұрғын үй кварталын құруға тырыстық. Бұл үлкен аумақ, қонақтарға арналған және жерасты паркингтері, өз инфрақұрылымы, тіпті аулада балабақшасы бар. 1123 отбасы қолайлы ортада өмір сүреді. Сондай-ақ, бұл мұнымен біткен жоқ, кіреберістердің, үй ауласының тазалығына жауапты біздің BI Service қызметі тұрғындарға қызмет көрсетеді.

BI Group холдингімен Алматыда 5 тұрғын үй кешені салынды: «Сезам», Gagarin Park, «Аманат», «Жаңа Жетісу» және «Асыл Тау». Бұл 2 700 пәтер және 310 000 шаршы метр. Естеріңізге сала кетейік, BI Group – құрылыс саласында 24 жылдық тәжірибесі бар көп бейінді инвестициялық-құрылыс холдингі.
Үлескерлердің ақшасын тартуға берілген 30.07.2018 жылғы N 45 рұқсат. Құрылыс салушы: «Мереке Сервис НС» ЖШС. Уәкілетті компания: «Astana Realty Plus» ЖШС.

Дереккөз: kaz.nur.kz