Төсін жалаңаштаған әйел президенттің кортежіне тап берді
Парижде 11 қарашада Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай ауқымды шара өтіп жатыр
АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Парижде Femen әйелдер қозғалысының белсендісі жалаңаштанған төсімен АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне тап берді.
Оқиға кезінде Трамптың кортежі Салтанат қақпасына қарай бара жатқан. Бүгін Францияның астанасында Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының жүз жылдығын тойлауға ондаған әлем көшбасшысы жиналды.
Воинствующие феминистки также приняли участие в парижских мероприятиях по случаю 100-летия окончания Первой мировой войны. Одна из дам пыталась перехватить кортеж президента США Дональда Трампа. Охрана порыв не оценила. pic.twitter.com/h10iSrvDHz
— Мировые РИА Новости (@RIA_Worldnews) 11 ноября 2018 г.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, жартылай жалаңаш қыз жандармдардың қатарын бұзып өтіп, америкалық президенттің көлігіне қарай «Жалған бітімгерлер» деп айғайлап жүгірген.
Француз полициясы бірден әйелді ұстап әкетті.
Femen – тіркелмеген украиналық қозғалыс. Әйелдер акциялар ұйымдастырып, назар аударту үшін төсін жалаңаштап алады.