Төрт жыл іздеуде жүрген аса ауыр қылмыскер Түркиядан табылды
Алматыда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Ибрагим Сулиев Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды.
Бүгін Бас прокуратура мен Қазақстан ІІМ Интерполының қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ибрагим Сулиевті Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті және ол 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде. Экстрадиция қазақстандық құқық қорғау органдары мен түрік әріптестердің өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асты», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта И.Сулиев Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат