70 жыл бұрынғы қыз зорлау ісі: сотталғандар өлгеннен кейін ақтады

0

АҚШ-та 1949 жылы «қыз зорлаған» төрт афроамерикалық ақталды

АҚШ-тың Флорида штатында 70 жыл бұрын 17 жастағы бойжеткенді зорлады деп сотталған төрт афроамерикалық өмірден озғаннан кейін ақталды, деп хабарлайды РИА Новости UsaToday басылымына сілтеме жасап.

Бұл шешім төрт сағаттық сот талқылауы нәтижесінде қабылданған: оған штат губернаторы, «зорлықшылардың» ұрпақтары, «жәбірлеунішінің» өзі қатысқан. Сот отырысында ерлердің кінәсіздігін дәлелдейтін айғақтар келтірілді. Бұдан бөлек, «зорланған қыздың» өзі, бүгін де арбаға таңылған қарт әйел ондай қылмыстың болмағанын мойындады. Ақыры істе нәсілдік әділетсіздік болды деп танылып, «зорлықшылар» өмірден озғаннан кейін ақталып шықты.

Бұл оқиға 1949 жылы болыпты. Гровленд қаласының 17 жастағы тұрғыны өзін төрт афроамерикалық зорлады деп мәлімдеген. Аталған жайт қала тұрғындарының наразылығын тудырып, олар ер азаматтарды еш айғақсыз, куәгерлерден жауап алмастан айыптайды. Бұл афроамерикалықтар кейіннен «Гровлендтік төрттік» деген атқа ие болған.

70 жыл бұрынғы қыз зорлау ісі бойынша айыпталғандардың екеуі өлім жазасына кесіліп, біреуі өмір бойына сотталған, ал төртінші «зорлықшыны» қала тұрғындары ұрып өлтіріпті. Ақ нәсілді қала халқы мұнымен шектелмей, афроамерикалықтар тұрған ауданды қиратып, олардың үйін өртеп жіберген.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/