Төрт науқас коронавирустан жазылды

0

Қазақстанда 142 адам коронавирус індетінен жазылып шықты. Оның алпыс төрті Нұр-Сұлтан, елуі Алматы қаласында

АЛМАТЫ, 14 cәуір –Sputnik. Қазақстанда тағы төрт адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Алматыда тағы 116 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

«Нұр-Сұлтан қаласында 1, Ақтөбе облысында 1, Алматы облысында 1, Қызылорда облысында 1 адам сауығып, ауруханадан шықты», — делінген ақпаратта.

Осылайша, республикада 142 адам коронавирустан жазылды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 64,
  • Алматы қаласы – 50,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақмола облысы – 4,
  • Ақтөбе облысы – 2,
  • Алматы облысы – 5,
  • Атырау облысы – 5,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Батыс Қазақстан облысы – 1,
  • Қарағанды облысы – 1,
  • Қызылорда облысы – 2,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Қазақстан бойынша науқастардың саны 1 179 адамға жетті, 14 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz