«Төрт баланы тапсырдым»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі кенжесін өмірге әкелерде неден қорыққанын айтты

0

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова бесінші баласын өмірге әкелерде қатты қорқынышқа беріліп, тіпті, күйеуімен қоштасқанын да жасырған жоқ, деп хабарлайды «Мамский әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасаған Kznews.kz тілшісі.

«Төрт балам бар ғой. Баланы дүниеге әкеліп жатып, жоқ болып кетсең… Бұл қорқыныштың қорқынышы. Қорқыныш қайдан келгенін білмеймін. Аллаға шүкір, жүктілік әдемі өтіп жатыр. Барлығы жақсы. Жай ғана есейгендік шығар. Есейгеннен болар… Анам өмірден ерте кетті. Сол қорқыныш бар ма? Анам еш ауырып, төсек тартып жатқан жоқ. Үйге келді де, қан қысымы көтеріліп, құлады. Содан үш сағат ішінде кетіп қалды. Сол жүрегімде қалып кеткен ғой… Менің өнер мектебім бар. Сонда білім алатын үш мың балаға жаңа жылдық концерт өткіземіз. Өзім ұйымдастырып, басы-қасында жүремін. Ертеңгілік кезінде перзентханаға бару керектігін түсіндім. Іштегі бір апай бар еді, ол да тезірек кетуімді сұрап жүр. Иә, кенжемді босанарда күйеуіммен қоштасып, төрт баланы тапсырғаным да рас. Күйеуімді құшақтап, қимай… Ол бір сағат бойы босанып қалар деген оймен перзентхананы айналып жүріпті. Екі жарым сағатта босандым. Ең оңай толғағым сол кенже ұлым болды», — деп еске алды Мөлдір Мұқанова. Сұхбат барысында Мөлдір Мұқанова отбасылық қиындықтарға тоқталып, күйеуін жоғалтып алған кездер болғанын да мәлімдеген еді.