Төрешілердің Головкинді жығып бергені жайлы айғақ шықты
Қысқа сілтеме алу
Сарапшының пікірінше, рематчтың соңында GGG үстемдік танытқанына қарамастан, төрешілер жеңісті «Канелоға» берген
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Америкалық тележүргізуші Бобби Панахи қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесіне тағы да наразылық білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек
Атап айтқанда, сарапшы екінші жекпе-жектің соңында Головкин үстем болғанына қарамастан, төрешілер жеңісті «Канелоға» бергенін еске түсірді.
«Мен рематчтың 12-раундын қайта көріп шықтым. Жеңісті «Канелоға» берген екі төрешіні тұтқындау керек. Олар «Канело» қарсыласының басына соққы жасағанда ұпай берген, бірақ соққы GGG-дің қолғабына тиген», — дейді Панахи.
Екінші жекпе-жек төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Алғашқы жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.
sputniknews.kz