Төрехан Сабырхан «Еуразия кубогіндегі» алғашқы қарсыласын айқын жеңді

0

Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырханның «Еуразия кубогіндегі» алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейдің Чита қаласында өтіп жатқан «Еуразия кубогі» халықаралық турнирінде Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жарқын жеңіске жетті. Ресей, Моңғолия, Армения, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Молдова, Венесуэла, Куба, Беларусь, Тәжікстан, Корея сияқты елдердің боксшылары бақ сынап жатқан додада Төрехан ресейлік боксшы Богдан Мирчевпен жұдырықтасып, айқын ұтты. Осылайша отандасымыз ширек финалға шықты.

Айта кетейік, Ресейдегі турнир қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі болып саналады.