Төреғалидің әйелі: Ізін жалғастыратын ұрпақ болғаннан кейін басқаша қуаныш болды — Қазақстан жаңалықтары
Былтыр ғана үшінші қыздары дүниеге келген Төреғали Төреәлі мен жары Толқынның биыл дәл сол мезгілде ұлды болатындарын ешкім күтпесе керек. Себебі, Ұлы дала баласының бұл жаңалығына ел бірден сене қоймады. Тіпті, Төреғалиге тоқалы ұл туып берген деген қауесет таратқанда да болды, деп жазады Stan.kz «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.
Ал Төрештің жары жүктілігін жасырмағанын айтады.
«Жасыруға тырыстық деп айта алмаймын. Негізі бойыма бала біткенде ішім қатты көріне бермейді, сондықтан да болар. Жалпы ешкімнен жасырған жоқпыз»,- дейді Толқын.
Бақытты ана ұл күтіп жүргені туралы білгенде қандай сезімде болғанын да айтып берді.
«Бірінші болып хабарды анама (Төреғалидің анасы) айттым. Анам сондай қуанып, сол кезде сапарда жүрген жұбайыма қоңырау шалып, қуанышты хабарды жеткізді. Енді босанам дегенше, үш қыз болғаннан кейін аман-есен босанғанша күтіп жүрдік.
Кесір тілігі арқылы босануға кетіп бара жатқанымды анама (ене) айтқанда, ол кісі жылап, аман-есен дүниеге келсін деп тілеп, сондай бір сезімге бөленді. Кейін босандым дегенімді айтқанда, қызым естіп алдым ғой, бақытты болсын, деп қуанышын жеткізді. Үш қызда да сондай қуаныш болды, бала өмірге келгеннен кейін барлығында сондай қуаныш болады. Бірақ, ұл деген шынымен де, ізін жалғастыратын ұрпақ болғаннан кейін басқаша қуаныш болды. Оның жасыратын ештеңесі жоқ»,- дейді Толқын.
Ал ұлды болып, кеудесі ерекше сезімге толған Төреш қуанышын жеткізіп, тілекші болған халқына алғысын жеткізді.
«Үшінші қызым, Фатима дүниеге келгенде елдің барлығы ақ тілектерін жаудырып, енді дүниеге ат ұстайтын азамат келсін! Ұлды болыңыз, ұлды болыңыз! деген тілекті жаңбырша жаудырып еді. Сол көптің тілегі қабыл деген, шынымен де халықтың тілегі қабыл болды. Сол кезде әнсапарда жүр едік. Қуанбаған қазақ жоқ шығар, концертке келгендердің барлығы бауы берік болсын деп, тілекші болып жатты. Сондай тілекші болған елден айналайын. Көп рахмет! Сіздердің де үйлеріңізде, әулеттеріңізде той болсын. Сол тойға келіп Төреәлі ән салсын!»,- дейді қуанышы қойнына сыймаған әке.
Айта кетсек, бұған дейін Төреғалидің анасы келініне жасалған ота жайлы айтқан болатын.
stan.kz