Төреғали Төреәлінің қарындасы тосын мәлімдеме жасады
Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жұртшылықты таң қалдарды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тосын мәлімдеме жасады, деп жазады kznews.kz сайты.
«Бұл ай мен үшін тосынға толы болды, түрлі жайттардан сабақ алдым, өмірім жайлы, өзім жайлы көп ойландым. Үлкен және жаңа өмірге қадам басып, Алла қалауымен орамалға келдім.
Туған күнімді ерекше ұйымдастырып, ұмытылмастай тосын-сый жасаған жарыма шексіз рахмет! Нью-Йорк.. круизда кешкі ас.. бағалы сыйлықтар.. гүл шоқтары.. және тек екеуміз. Бәрі түс секілді, Алланың берген әр нығметіне іштей шүкіршілік етіп көңілім босады. Бір жыл бұрын осындай өмір күтіп тұрғанын тіпті елесете алмас едім, шүкір етуден шаршамаймын. Жыл сайын туған күндерім бірінен-бірі өтуде, мені қуантуға тырысып жатқан жарыма Алла разы болсын!» — деп жазды ол.