Төреғали Төреәлінің қарындасы әкесіне соңғы үлгідегі Lexus 570 көлігін сыйлады

0
135

Америкада жүрген Фариза Төреәлі жолдасымен бірге ата-анасына тосынсый жасап қуантты. Төреғали Төреәлінің қарындасы әкесіне су жаңа Lexus 570 Black көлігін мінгізді, деп хабарлайды кznews.kz сайты. 

Қызының сыйынан хабарсыз болған Төреәлі Төлепов жаңалықты естігенде көзіне жас алып қалды. Әнші Төреғалидің айтуынша, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әкесінің көлігі өртеніп кеткен.

«Қаңтардағы қақтығыс кезінде әкемнің көлігі әуежайда қалып қойған еді. Аласапыран болып жатқанда біз Әзірбайжан елінде жүргенбіз. Көлігі өртеніп кетсе де, көңілі елді ойлап, алаң болған еді. Сонда “дүние жүрегіне кірмеген екен ғой» деп қуанғаным рас.

Кеше ғана Қосбатыр атаны алып ( қайын атасы ) кіші қажылыққа барып келіңдер деп «Умраға» жолдама сыйлаған ғой әкем. Көп ұзамай Дархан (күйеу баласы) осындай керемет көлік сыйлап жатыр. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді», – деп бөлісті әнші.

Фаризаның айтуынша, әкесіне көлік алып беру идеясы оның жолдасы Дарханға тиесілі.

«Алла Тағалам әкеме адалынан күйеу бала нәсіп етіпті, шүкір! Бұл идея Дархандыкі еді, жан-жарым сізге ерекше алғыс айтамын. Қаншама еңбегіміз, ұйқысыз түндер өз нәтижесін беруде, ең бастысы, ата-ана разылығы! Жақында ғана ата-енеме коттедж сыйлаған едік, енді, міне, әкеме адал еңбегімізбен көлік сыйлап жатырмыз. Армандарым орындалып жатыр, сансыз мадақ!» – деп бөлісті ол.