Төреғали Төреәлінің күйеубаласы марапатталды
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спортшы Дархан Нортаев – танымал әнші Төреғали Төреәлінің күйеубаласы, қарындасы Фаризаның жолдасы. Спорт саласының үздігі жеке парақшасында су жаңа марапатқа ие болғанын жариялады.
“Ішкі істер министрлігінен алғыс хат алдым”, – деп жазды Дархан Нортаев.
“Қазақ полициясы” бейнебаян түсіріп, полицияның оң имиджін қалыптастыруға, қоғамдағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс жариялаймыз”, – делінген мәтінде.
Еске салайық, Төреғали Төреәлі Ішкі істер министріне ескерту жасаған еді.
“Құрметті, ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Мені танып тұрсыздар ма? Мен де сіздерді жақсы көріп, біліп тұрмын. Құрметті Ержан аға, сізбен осындай керемет жерде көрісіп тұрғаныма қуаныштымын. Маған тиісе бермесін, мына кісілерге айтып қойсаңыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!” – деп әзілдеді әнші.