Төреғали Төреәлі түрмеде отырғандарға күтпеген сыйлық жасады

Қысқа сілтеме алу
Сотталғандар әншіге өз қолымен жасаған кәдесыйларын тарту етті
АЛМАТЫ, 9 мамыр — Sputnik. Әнші Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы колонияға барып, концерт қойды. Ол әріптесі Ерболат Төлегенмен бірге сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
ЛА-155/8 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандар эстрада жұлдыздарына алғыс айтып, өз қолдарымен жасаған кәдейсыйларын тарту етті.
©
Foto : пресс-служба Комитета УИС МВД РК
Әнші Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы колонияға барып, концерт қойды
«Сотталғандардың көпшілігі теледидардан көріп, әндерін тыңдап жүретін әншіні көреміз деп күтпеген еді. Оған алғысымыз шексіз», — деді ЛА-155/8 түзету мекемесінің басшысы.
Қазақстан колонияларында жыл саын Жеңіс күні аталып өтеді. Биыл Павлодар облысында 300 жазасын өтеуші алғаш рет «Жаужүрек полк» шеруіне қатысты.
©
Foto : Pavon.kz / Евгений Шультайс
Павлодар облысындағы колонияда «Жаужүрек полк» шеруі өтті
sputniknews.kz