Home Жаңалықтар Төреғали Төреәлі халықтан кешірім сұрады (видео)

Төреғали Төреәлі халықтан кешірім сұрады (видео)

0
4293

Ауылға барып, балконда концерт беріп, қызу талқыға түскен Төреғали Төреәлі халықтан кешірім сұрады. Оның бұл видеосы oner_arnasy Instagram парақшасында жарияланды.

– Қадірлі, ардақты ағайын біз мына «Ауылға алғыс» атты концертіміз осындай шу боп кетеді деп ойлаған жоқпыз. Ініміз екеуміздің атымыздан сіздерден кешірім сұраймыз – деді әнші өз сөзінде. Әншінің біраз уақыт бойы әлеуметтік шеліні шулатқан концерті үшін сұраған бұл кешіріміне желі қолданушылары түрліше әсер мен пікір білдіруде.

–  «Неге кешірім сұрайды? Онда тұрған не бар? Далада азғантай адаммен өтті ғой. Шаш ал десе бас алатын жендеттер ай», «Қайта бізге ұнады сол концер. Молодец Төреш. Осындай қарапайым болғанға не жетсін.

Сол концерті үшін жақсы көріп кеттім, бұрын көкірек деп ойлаушы едім», «Кешірім сұрайтындарың бар екен нелерің бар десиш. Кешірімді қазақпыз ғой», «Төреш айналайын өздеріңді сағынған халықтың көңілін табам деп ән айттың онда тұрған не бар неге кешірім сұрайсың маған ұнады рахмет.

Түйені түрімен жеп жатқан шенді лер кешіріңдер жеп қойдым деп халықтан кешірім сұрамайды қарапайым ән айқан бала неге сұрайды түсінбедім», «Осы инсаграмның атын кешірім сұрау каналы деп ауыстыру керек шығар», «Кешірім сұрайтындай емесаааау» – деп жазды олар.