Төреғали Төрәлі ұлына ерекше есім берді
Үш қыздан кейін зарыға көрген ұлына әнші Төреғали Төрәлінің қандай есім бергені белгілі болды
АЛМАТЫ, 5 наурыз — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Төреғали Төреәлінің отбасында үш қыздан кейін ұл бала дүниеге келді. Әртіс ат ұстар перзентіне Төренұр деп ат қойған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл туралы Анна Данченко есімді Instagram қолданушысы жеке парақшасында жазыпты.
«Төрәлі тегі ТөреНұр Төреғалиұлының дүниеге келген күні тағы да құтты болсын!» — деп хабарлады ол.
Қазақстандық әртістер балаларына қандай ерекше есімдер қойып жүр?
Төрт баланың әкесі атанған әнші Төреғалидың қуанышында шек жоқ. Атқа мінер баласын өмірге әкелген жан жары мен «ұлды бол» деген тілекші халқына алғысын білдіріп, өлең жолдарын арнаған.
Айта кетсек, 26 жастағы әртістің Томирис, Тоғжан және Фатима есімді қыздары бар.
Төреғали Төреәлі — ақындармен айтысып жүріп, эстрадаға ауысқан Ұлы дала баласы. Бүгін де қазақ халқының «Төреші» ұлттық нақыштағы әндерімен ел жүрегін жаулаған.
sputniknews.kz