«Төреғали мәскеулік орыспен сөзге келіп қалған»: Әншінің шын мәнінде не үшін қамалғаны жайлы айтылды

0
3129

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қамалғанына  қатысты дау халықты екі ұшты пікірде қалдырды. Желіде оның мәскеулік орыспен сөзге келіп қалғаны жайлы айтылды. 

Бұл туралы Мұхит Тастан фейсбуктағы парақшасында жазды.

«Төреғали сизоға жабылыпты. (Уакытша қамау орны). Осыған да мәз болып табалап отырғандар көп екен арамызда. Сауап болыпты. Құтырып кеткен әншілер. Қамау керек. Сыбағасын алсын дегендей жазыпты. Бұл дегенің нағыз соқырлық. Тоғышарлық. Іс әрекеттің мәніне бармай көппен бірге жамандай беру үрдісі деп есептеймін. Оу. ТӨРЕҒАЛИДІҢ қамалғанына неге мәз боласыңдар? Неден қамалғанына мән бермейсіңдер ме бірінші. Төреғали мен мәскеулік орыс сөзге келіп қалғанға ұқсайды. Ал араға түскен ГИД жігітті Төкең сүйкеп жіберген. Ал, ол шағымданған. Ал, оның астарында не жатқанын сараптай беріңдер. Бұзауға туған күн, сиырға да туады. Ертең қаптап келіп жатқан әрбір келімсекке сөйлессең, кіжінсең сенде темір тордың арғы жағында болуың ғажап емес деген сөз. Ал, біздің биліктің не дегенін білетін шығарсыздар? Келімсектерден ешқандай қауіп жоқ. Олар үш айға ғана келген. Сосын елдеріне кетеді. Ал, осы екі арада тәртіп сақтамағандар елден шығарылады деген. Елден шығарғанын қайдам өзіміздіңкілерді қамайтыны анық екен. Әйтпесе, Төреғали жөн жосықсыз соқтығысатын көше баласы емес екені ақиқат дүние», – деп жазды.

Оқырмандар әншіге  «Ұлы дала Хулиганы», «Ұлы дала бұзығы», деп түрлі теңеу бергендер де болды.

Айта кетейік, әнші бұған дейін Павлодар қаласында концерт беру кезінде қарт кісіні «Шығып кет» деп дөрекі сөйлеген болатын.