Төреғали еліміздің Бас мүфтиіне ұлының атын азан шақыртып қойдыртты

0

Әнші Төреғали Төреәлі наурыз айының басында ұлды болған еді

АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Әнші Төреғали Төрәлі үш қыздан кейін көрген ұлына еліміздің Бас мүфтиі Серікбай Ораз қажыны арнайы алдыртып, мұсылманша азан шақыртып есімін қойды.

Мұсылманша ат қою рәсімінің видеосын әнші инстаграмдағы парақшасында жариялады.

Видеода Бас муфти әншінің әкесінің қолындағы баланың құлағына «Сенің атын ТөреНұр!» деп үш рет айқайлады.

«Бас мүфти Хазірет Серікбай қажы Сатыбалдыұлына Алла разы болсын! Сізді қазақ елі құрметтейді», – деп жазды әнші видеоның астына.

Сондай-ақ ол бұл видеоға ұлына арнаған әнін де қосақтапты.

«Үміт еткен көзімнің нұры-бағым,

Бұл әніме Ыбырайдың жырын алам.

Ат ұстар тілеп едім құбыладан,

Нұры боп түсіп қалдың-ау шұғыладан,

Айналайын, ұлым, менің ТөреНұрым.

Өзіңменен мақтанса екен, шіркін мына ұлы Далам», – деп жырлайды Төреғали Төреәлі.

Тағы оқыңыз: Төреғали өзінің тірі екенін дәлелдеуге мәжбүр болды

Айта кетсек, әнші наурыз айының басында ұлды болды. Есімін ТөреНұр деп қойғандарын да айтқан. Оның Томирис, Тоғжан және Фатима есімді үш қызы бар. Ал әйелінің есімі – Толқын. Ол Алматы облысы, Райымбек ауданының тумасы.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз