Домой Жаңалықтар Тоқтар Жақаш: «Барлық нәрсені төсекпен, секспен салыстырады»

Тоқтар Жақаш: «Барлық нәрсені төсекпен, секспен салыстырады»

0
597

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш Facebook-тегі жеке парақшасында Мұхамеджан Тазабекке шүйлікті, деп хабарлайды kznews.kz сайты Caravan.kz порталына сілтеме жасап. 

«Сатқын емес қазақ миллионнан біреу!» дейді. Сосын, әлеуметтік желіде «қып-қызыл махаббат, ойнас жасап жатыр» дейді. Бұл неге барлық нәрсені төсекпен, секспен салыстырады да отырады? Не әдет?», — деп жазды журналист.

Еске салсақ, Мұхамеджан Тазабек «Talim.tv» бағдарламасына берген сұхбатында:

«Сатқындық дейтін нәрсе бар. Сатқын емес қазақ миллионнан біреу шығар. Неге, себебі, біреу әйелін, енді біреуі күйеуін сатып жүр. Әлеуметтік желіде қым-қиғаш, қызыл-қырғын махаббат болып жатыр. Ойнастың есебі жоқ. Күйеуіне айта алмайтын қаншама әйелдің сыры бар, әйелінен жасырып жүрген қаншама еркектің жыры бар. Егер, осының бәрін біз сатқындық деп есептейтін болсақ, қоғамда сатқындықтан аман адам жоқ. Сол себептен мен бас салып біреуді айыптап немесе оған «сатқын» ол деп үкім таға алмаймын. Себебі, өзім содан таяқ жеп жүрген адаммын», – деген болатын.