Тоқтар Серіков «р-ға» тілі келмейтін тележүргізушілерді қатаң сынға алды
Тоқтар Серіков нақты бір әріпке тілі келмесе сахнада жүретін әртістер мен сақауланып сөйлейтін адамдардың бағдарлама жүргізетінін сынға алды деп жазады «Хит-ТВ» арнасының «Хедлайнер» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жақында ғана төртінші рет әке болған жұлдызды отандық телеарналарды көріп, жүрегі ауыратынын жасырмады.
«Тілі сақау, «р-ға» тілі келмейтіндер де бір хабарды жүргізіп тұрады. Соған қарап жүрегім ауырады. Әркім өзінің жөнін білуі керек қой. Қазақта «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген сөз бар. Сондықтан хас өнердің шеберлері бар ғой», — деді Тоқтар Серіков.
Айта кетейік, әнші өзінің туған күнінде төртінші рет ұлды болған еді. Тоқтар Серіков ұлына Шахнұр деп есім қойған.
Сондай-ақ әнші өзіне төрт рет ұл сыйлап, төрт құбыласын түгендеп берген жұбайына Астанадан бес бөлмелі пәтер мен су жаңа көлік сыйлайтынын да айтқан еді.