Тоқтар Әубәкіров ғарыштан беймәлім нысанды көрген кезін еске алды — новости Казахстана

0

Қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров беймәлім ұшатын нысан көргенін мойындады деп жазады Экспресс-К сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

skymag.kz

Фото:skymag.kz

Қазақстандық ғарышкер YouTube видеохостингінде Аман Тасығанға сұқбат бергенде беймәлім ұшатын нысанды көргенін мойындады.

«Таңғы алты шамасы еді, кенет аспанда жарық жұлдыз байқадым. Ол қозғала бастады. Сосын жаныма келді. Маған ешкім сенбейді ғой деп, төрт қазақ жігітін ояттым. Олар да оянып, беймәлім ұшатын нысанды көрді. Ол қасымызға жақындап, маневр жасады да, ұшып кетті. Бұл оқиға мені ойландырып қойды. Куәгерлердің үшеуі қайтыс болып кетті», — деді Тоқтар Әубәкіров.

Ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка өзге ғаламдықтармен кездескен жағдайға арналған нұсқаулық барын мәлімдеді.

Марқұм болып кеткен әріптесі Павел Попович өз сұқбаттарында БҰН көргенін айтатын. Оның айтуынша, өзге ғаламдықтардың базасы Сатурн сақиналарында бар. Оларды «фаэтондықтар» деп атайды екен. Олардың Жерде үш базасы бар көрінеді. Өзге ғаламдықтар жалпы ортақ үкімет болғанда, барша жұрт молшылықта өмір сүргенде бізбен байланысқа шығады екен.

«БҰН-ды өз көзіммен көрдім. Ұшақпен мұхиттың үстінен ұшып бара жатқанбыз. Бізден бір жарым шақырым жерде тең бүйірлі ұшбұрыш пішінідегі ақ нысан пайда болды. Мен дереу экипаж командиріне хабарладым. Біз оны көрдік, бірақ оны ешбір радар тіркемеді», — деді Павел Попович.

КСРО-ның құпия мұрағаттарында 1964 жылы «Восход» кемесі ұшатын дисктерді байқағаны айтылған.

Ал 1978 жылы «Союз» станциясының ар жағынан алып шар ұшып өткен.

Әлем елдерінің халықаралық құқықтары бойынша дүниежүзінің үкімет басшылары БҰН-мен қарым-қатынасқа түскен жағдайда БҰҰ-ның ғарыш істерін жөніндегі төрағасы Мазалан Отманға хабарлау керек. Оны әзілдеп «өзге ғаламмен байланыс жөніндегі елші» деп атайды.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар