Тоқаевтың жиені ұлттық холдингтегі жұмысынан босатылды

0
2440

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені енді «Бәйтерек» ұлттық холдингінде жұмыс істемейді, деп хабарлайды kznews.kz cайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Қаныш Ізбастин бұдан былай «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істемейді.

«2022 жылдың 14 қаңтарынан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қаныш Ізбастин қоғамдық қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды» делінген хабарламада

Ізбастин 2021 жылғы наурыздан бастап «Бәйтерек» төрағасының бірінші орынбасары болды. Бұған дейін 2015 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болды, ал бұдан бұрын – 2013 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында басқарушы директор қызметін атқарды.

Әлеуметтік желілерде олар Ізбастин этикалық себептермен кетті деп жазады. Сонымен қатар, Қаныш Ізбастиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені екені белгілі.

Ашық деректерге сүйенсек, оның анасы Ізбастина Карлыға Кемелқызы – президенттің қарындасы. Ал әкесі Теміртай Ізбастин – Қазақстанның Болгариядағы елшісі.