Тоқаевтың жалғыз ұлы Тимурдың суреті жарияланды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы әйелі Надежда Давыдовна екеуінің Тимур есімді бір ұлы бар. Президенттің 35 жастағы баласы туралы ақпарат аз

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғыз ұлы Тимур Тоқаевтың суреті алғаш рет жарияланды.

Тимур Тоқаевтың фотосын өз Telegram-каналында саясаттанушы және Маңғыстау облысы әкімінің шаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов жариялады.

Сондай-ақ Еділов Тимур Тоқаев туралы қызық дерекпен бөлісті. Ол 2009 жылы «Қазақстан Республикасының Батысқа қатысты стратегиясы» тақырыбында диссертация қорғап, саяси ғылымдар кандидаты дәрежесін алған.

Ашық дереккөздерден президенттің ұлы 1984 жылы дүниеге келгені белгілі. Ол — бизнесмен. Бұдан бөлек, Тимур атасы Кемел Тоқаевтың атындағы қорға жетекшілік етеді.

Еске сала кетсек, Ақорда сайтындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаянында оның ажырасқаны жазылған, бұған дейін ашық мәліметтерде әйелі Надежда Давыдовна екені көрсетілген еді.



sputniknews.kz