Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген сайлау туралы заң жобасы мәжіліске түсті
Қысқа сілтеме алу
Заң жобасында сапалы партиялық жүйе құру, саяси партияларды тіркеу үшін талаптық шегін төмендету нормалары көзделген
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Парламент мәжілісіне Қазақстандағы сайлау және саяси партиялар туралы заңына өзгерістер енгізу туралы екі бірдей заң жобасы келіп түсті. Заң жобалары бойынша қорытынды 27 қарашаға дейін әзірленеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасы төменгі палатаға келіп түсті.
Бұл заң жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлтық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сәйкес әзірленген.
Заң жобасының басты мақсаты – әйелдер мен жастардың қоғамдық саяси процестерге қатысуын ынталандыру.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті 2020 жылдың 27 қарашасына дейін қорытынды әзірлеуге дайын.
Сонымен қатар, мәжіліс «саяси партиялар туралы» заңға өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша 27 қарашаға дейін қорытынды әзірлейді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда «оралман» сөзі ресми түрде ауыстырылды
Бұл құжат та мемлекет басшысының ұлттық кеңесте берген тапсырмасымен дайындалды.
Заң жобасында сапалы партиялық жүйе құру, саяси партияларды тіркеу үшін талаптық шегін төмендету нормалары көзделген. Заң жобасы жаңа саяси партиялардың пайда болуына жағдай жасауға және әйелдер мен жастардың саясатқа белсенді келуін ынталандыруға бағытталған.
sputniknews.kz