Тоқаевтың сөзінен кейін Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісін шақырды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Украинаның сыртқы істер министрлігі қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы Самат Ордабаевты шақырып, Тоқаевтың Қырым туралы сөзіне алаңдаушылығын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаев Украина сыртқы істер министрлігіне кездесуге шақырылды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Хабарламада Украина тарапы Қазақстанның Қырымға қатысты ұстанымына байланысты алаңдаушылық білдіргені айтылған.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Deutsche Welle телерадиокомпаниясына берген сұхбатында Қырымдағы жағдайды аннексия деп айтуға болмайды деген еді.

«Аннексия – бұл Қырым үшін тым ауыр сөз», — деп мәлімдеді мемлекет басшысы Германияға ресми сапары қарсаңында неміс телерадиокомпаниясына берген сұхбатында.

Украинаның сыртқы істер министрлігі бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне демарш жолдауға ниетті екендігін хабарлады.

«Кездесудің қорытындысы бойынша қос тарап біздің екі жақты қатынастарымыз бен ынтымақтастығымыздың негізі болып табылатын 1994 жылдың 20 қаңтарындағы Украина мен Қазақстан Республикасы арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы шартта бекітілген тәуелсіздікке, мемлекеттік егемендікке, аумақтық тұтастыққа және шекаралардың мызғымастығына деген өзара құрмет қағидаларына берік ұстанымдарын растады», — деп атап өтті Украина СІМ хабарламасында.

Украина 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Қазақстан сол жылы 23 желтоқсанда Украинаны егеменді тәуелсіз мемлекет деп таныды.

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 4 қаңтарында орнады.



sputniknews.kz