Тоқаевтың сирек фотолары жарияланды

Қысқа сілтеме алу
Жиырма үш секундтық видеода президент өмірінің айшықты сәттері көрсетілген
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Toqayev Team YouTube-каналы небәрі жиырма үш секундтық видео жариялады. Оның ішіне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастық шағынан бастап президент ретінде халыққа ант беруіне дейінгі кезді көруге болады. Мемлекет басшысының алғашқы шетелдік сапарларының суреттері де бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті қызметіне 2019 жылдың 20 наурызында келді.
Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы не білеміз?
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Тоқаев менің артқан үмітімді ақтайды деп сенемін», — деп айтқан болатын.
9 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс сайлау өтетінін жариялады.
sputniknews.kz