Тоқаевтың Қытайға не үшін барғаны белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Президенттің баспасөз хатшысы екі күндік сапар аясында не жоспарланғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған», — деп жазды Уәли Facebook парақшасында.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік тобымен келіссөз өткізеді.
Сондай-ақ, президент Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы Hikvision компаниясының жұмысымен танысады.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Қытай телеарнасына сұқбат берді: президент не туралы айтты?
Сонымен қатар бағдарлама бойынша Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.
sputniknews.kz