Тоқаевтың өткен аптадағы іс-шаралары — видео

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Бір минуттық роликте Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық келіссөздері мен өңірлерге жұмыс сапары қамтылған

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Ақорданың ресми Twitter парақшасында Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен аптадағы келіссөздері мен жұмыс сапарларына қысқаша видео шолу жарияланды.

​Бір минутқа жетпейтін роликте Қазақстандағы сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде жұмысын бастаған халықаралық бақылаушылармен кездесу, президенттің Қостанайдағы Қазақстан-Ресей жастар форумында сөйлеген сөзі, Ұлттық ұлан әскери бөлімшесіндегі жиналыс, сондай-ақ Ақтөбе және Қостанай облысына жұмыс сапары қамтылған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев мектеп аумағын тазалап жүр — 50 жыл бұрынғы видео

Бұдан бөлек, Түркияның сыртқы істер министрімен кездесу және Ұлттық инвесторлар кеңесінде сөйлеген сөзінің кадрлары бар.



sputniknews.kz