Тоқаевтың өткен аптадағы іс-шаралары — видео

Қысқа сілтеме алу
Бір минуттық роликте Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық келіссөздері мен өңірлерге жұмыс сапары қамтылған
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Ақорданың ресми Twitter парақшасында Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен аптадағы келіссөздері мен жұмыс сапарларына қысқаша видео шолу жарияланды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 20-26 мамыр аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу pic.twitter.com/mETXw6ry9z
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) 26 мая 2019 г.
Бір минутқа жетпейтін роликте Қазақстандағы сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде жұмысын бастаған халықаралық бақылаушылармен кездесу, президенттің Қостанайдағы Қазақстан-Ресей жастар форумында сөйлеген сөзі, Ұлттық ұлан әскери бөлімшесіндегі жиналыс, сондай-ақ Ақтөбе және Қостанай облысына жұмыс сапары қамтылған.
Тағы оқыңыз: Тоқаев мектеп аумағын тазалап жүр — 50 жыл бұрынғы видео
Бұдан бөлек, Түркияның сыртқы істер министрімен кездесу және Ұлттық инвесторлар кеңесінде сөйлеген сөзінің кадрлары бар.
sputniknews.kz