Тоқаевтың митингтерге қатынасы айкидо тәсілдеріне ұқсас
Қысқа сілтеме алу
Сарапшының пікірінше, президент Тоқаев митингке деген қатынасты өзгертіп, биліктің осал тұстарын мықты тұстарына айналдыра алды
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық ықпалдастық институтында Ерлан Сайыровтың «Тоқаевтың басты 10 ісі» сарапшылық баяндамасы таныстырылады. Онда мемлекет басшысының биылғы қызметінің қорытындысы жасалады.
Маманның айтуынша, 2019 жылы әлемдік наразылық тренді жалғасып, ол Қазақстанға да жетті. Сондықтан ел билігіне тиісті шешім қабылдауға тура келді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «қатаң шара қолдану» деген іс-қимылдың қарапайым моделінен бас тартып, «наразылық білдіруге мүмкіндік беру» жолын таңдады. «Әртүрлі пікір – бір ұлт» және «елдің қоғамдық-саяси өмірі жаңғырмайынша, сәтті экономикалық реформалар жүзеге аспайды» деген секілді жаңа ішкі саяси парадигмалар жарияланды», — деп атап өтті Сайыров.
Мемлекет интернетті бұғаттау, митингке шыққандарды күштеп қуу тәжірибесінен бас тартты. Қалаларда рұқсат етілген митингілер өтті.
«Бұл қадамдар айкидо тәсілдеріне ұқсас екенін атап өтуге болады. Яғни, биліктің осал деген тұстары қысқа уақыт ішінде керісінше оның күшіне айналды», — делінген саясаттанушы баяндамасында.
Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы әзірленгенін хабарлады. Енді митинг ұйымдастырушыларына жергілікті атқарушы органдарды акциялар өтетіні туралы ескерту жеткілікті болады. Әрине, жиналыстар адам өміріне қауіп төндірмеуі тиіс.
sputniknews.kz